Қымбатты біздің медицина қызметкерлері!
Шын жүректен Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз- Халықааралық мейірбикелер күнімен құттықтаймын!
Бұл күні өздеріңіз үшін маңызды әрі адал атқарған еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.
Сіздер- ақ халаттағы абзал жандарсыздар, адам өмірінің ажарлы құтқарушыларысыз, дәрігерлердің нақты сарбаздарысыздар!
Бұл мамандық жеңіл емес және өте ауыр қызметтен тұрады. Сол себепті Сіздерден үлкен төзім, күш жігер, рухани берік болуды тілеймін.
Сіздерсіз медициналық мекемеде қызмет барысының болуы мүмкін емес.
Сіздердің қайырымды және қамқор қолдарыңыз, еңбекқорлық пен қайырымдылықтарыңыз пациентіміздің сауығып кетуі мен жай-күйін жақсартпақ.
Сіздің еңбектеріңіз болашаққа зор үмітпен қарап жаңа жоба, жоспарларды құруға септігін тигізеді.
Жан жылуларыңыз, төзімділік, қолдауларыңыз, қажымас қайырымды еңбек еткендеріңіз үшін және де әрине осы бір ауыр кезең-пандемия кезеңінде көрсеткен жоғарғы біліктеріңіз үшін шын ниетпен алғыс білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасы амандығын, қиын да ізгілікпен атқарған жұмыстарыңызға үлкен табыс тілеймін!
Құттықтаумен N36 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжанат Тілеген