Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Барлығыңызға COVID-19 инфекциясынан вакцина салынып жатқаны туралы хабарлаймыз.

Екпе салам деушілеріңіз келіп вакцина алуына болады. Вакцина алу уақыты жұмыс күндері сағ. 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Вакцина кезекке тұру арқылы жүргізіледі. 5 адамнан жіберіледі. Вакцина барлық қала тұрғындары үшін №36 Қалалық емханада, 209 кабинетте (2 қабат) салынады.

Жалғыз шарт- бұл қаланың қайсыбір емханасында тіркелу. «Спутник V» ([спўтник ви]) маркетинг аталуындағы «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы COVID-19 жаңадан пайда болған коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған тіркелінген ресейлік құрамалы векторлық вакцина. 2021 жылғы 2 ақпанда «The Lancet» журналында басылып шыққан сынақтың үшінші кезінің аралық нәтижесіне сәйкес, «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 91,6%-ды құрады, орташа және ауыр сатыдағы СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның тиімділігі-100 %.

Вакцина Н. Ф. Гамалея атынд. Ресейлік эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығымен және Ресей Қорғаныс министрлігінің 48-Орталық ғылыми-зерттеу институтымен әзірленген. Вакцина адамға патогендік SARS-CoV-2 вирусы қолданылмайтын биотехнологиялық жолмен алынды.

Препарат құрамына адам аденовирусы негізінде рекобминациялық аденовирусты вектор кіретін екі құрама бөлшектен тұрады. Коронавируспен күресудегі сенімді шешім болып вакцина екенін айта кеткеніміз жөн.

Бұл локдаунннан шығу стратегиясын ертеден ойлап тапқан елдердің үлгісінен көрініп тұр.