Алматы қаласында медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциядан вакцина салдырды

Алматы қаласында медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциядан вакцина салдырды

Алматы қаласында медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциядан вакцина салдырды.
№ 36 Қалалық емхананың медицина қызметкерлері ресейлік Sputnik V вакцинасын ең бірінші болып алғандар. Емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген айтқандай, жалпы Наурызбай ауданы бойынша ауданның 4 емханасынан барлықы 210 медицина қызметкер өз еркімен вакцина салдырған. «Олардың арасында біздің емханадан 60 қызметкер. Бүгінгі күні біз 105 доза алдық. Алғашқы 11 адам екпе салдырды. Екпе алу алдында барлық қызметкерлер дәрігердің тексерісінен өтеді. Бір тұты 5 адамға саналған. Екпеден соң қызметкерлер жарты сағаттың ішінде арнайы қарастырылған кабинетте әріптестердің бақылауында болады. Қазіргі таңда, екпе алғандардың жай-күйі жақсы, ешқандай жанама әсер берген емес»- деп айтты Гүлжайнат Тілеген. Мемлекетіміздің Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халқымыздың өз еркімен сатылай вакцина салдыруы басталғанын ескерте кеткіміз келеді. Сонымен қатар, №36 Қалалық емханада екпе жүргізу кабинетін әзірлеу жұмысы қарқынды жүргізілуде, медицина қызметкерлері тиісті оқу сабағын зерделеген.