Алғыс

Алғыс

Мен Супиева Баян, Шұғыла ықшам/ауданда тұрамын.Біз жанұямызбен бірге #36-поликлиникаға тіркелгенбіз.Бізге осы поликлиникада қызмет көрсетіп жүрген отбасылық дәрігер Назым Маратовнаға, біздің мейірбикеміз Тамара Жумановнаға және осы бөлімшені басқарып отырған Дидар Ерменбаевичке үлкен алғысымды айтқым келеді.Ауырып ем іздеп барғанда,қол ұшын әрқан беруге дайын тұратын ося абзал жандар. Сіздерге айтарымыз тек қана алғыс.және осы аталған мамандарымыз, өз ісінің мамандары және әр уақытта, әр кезде телефонмен болса да, мен өзім барсамда аянбай өз көмектерін жасап отырады.Сіздерге осы індет жайлаған уақытта,өздеріңіздің денсаулықтарыңызға қарамай,елге қызмет етіп жатқан қызметтеріңіз өрлей берсін!Дендеріңізге саулық тілейміз, отбасыларыңыз аман болсын!Ел іргесі аман болып, амандықта жүрейік!Сіздерге көптен көп рахмет, алғысымыз шексіз!