БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеу үшін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелудің немесе салық салуға барудың қажеті жоқ. БЖТ аударудан бастап, сіз онсыз да салық төлеушілер жүйесінде Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде сәйкестендірілген боласыз. Салық есептілігін беру де қажет емес.
⠀
БЖТ-ді диваннан тұрмай-ақ төлеуге болады: post.kz, beemoney.beeline.kz сайттары, MyKazpost, Smart Astana, Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе SMS арқылы (KCell, Activ ұялы операторларының пайдаланушыларына 5505 нөміріне «gorodesp ЖСН» / «kalaesp ЖСН» (қала тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» / «aulesp ЖСН» (ауыл тұрғындары үшін) мәтінін енгізе отырып, хабарлама жіберу керек. Ағымдағы ай төлем кезеңі болып саналады, Beeline абоненттері сомасы, төлем мақсаты және ЖСН көрсетілген мәтіні бар тегін SMS 2020 нөміріне жолдай отырып, БЖТ-ні төлей алады. Мысалы, 2651 gorodesp XXXXXXXX)
2020 жылы БЖТ-нің ай сайынғы мөлшері:
🔹 Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін — 1 АЕК (2 651 теңге));
🔹 Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін — 0,5 АЕК (1 325,5 теңге).
⠀
БЖТ сомасы Мемлекеттік корпорациямен келесі сәйкестікте бөлінеді:
🔹 10 % — жеке табыс салығы (ЖТС));
🔹 20 % — әлеуметтік аударымдар (ӘА);
🔹 30 % — міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
🔹 40 % — міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).
Яғни, соманы төлемдер бойынша өздігінен бөлуге қажет емес. Сома бір рет төленеді және автоматты түрде бөлінеді!
БЖТ төлеуге арналған деректемелер:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ бенефициары»
Бенефициардың БСН 160440007161
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Бенефициар банкі»
Бенефициардың БСК GCVPKZ2A
Бенефициардың ЖСК KZ47009ESP0163609911
Төлем мақсатының коды-183, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың бірыңғай жиынтық төлемі.
БЖТ әр ай сайын жеке немесе күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төлеу қажет, яғни БЖТ төлемін бір күнтізбелік жыл шегінде алдағы айлар үшін алғытөлеммен жасауға болады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар медициналық көмекке жүгінгенге дейін үш ай бұрын жарна төлеген жағдайда сақтандыру медицинасына құқық алады