Коронавирус бәріміздің, әсіресе дәрігрелеріміздің өмірін өзгертті. Біздің уақытымыздың қаһарманының бірі- №36 Қалалық емхананың мобильдік бригадасының меңгерушісі Ілияс Сағиев. Оның әр күні қоңырау шалудан және коронавирус инфекциясымен ауратын пациенттерді үйге бару арқылы емдеуден басталады. Оның басшылығымен пандемия басталғалы бері емхананың жанында құрылған 7 мобильдік бригада жұмыс істейді. Жас дәрігер Ілияс Сағиев университетті тәмамдағаннан соң осы емханада учаскелік дәрігер болып қызмет етті. Пандемия басталғаннан бері оны мобильдік бригаданы басқаруға тағайындады, өз лауазымын Ілияс жақсы атқаруда. Ілияс, жұмыс күніңіз қалай және қашан басталады? Менің жұмыс күнім таңғы сағ. 8.00-ден басталады. Менің лауазымдық міндетіме коронавирус инфекциясымен ауратын пациенттерді, сондай-ақ, олармен байланысқан, амбулаторлық деңгейде жүргізу жатады. Үйге бару арқылы біз пациенттреді бастапқы тексерісін жүргіземіз, аурушаңдықтың ауыртпалық деңгейін бағалап, ПТР тестке анализдерін аламыз, көрсеткіштері бойынша пациентті КТ және рентгенге жібереміз, КВИ анализі расталған жағдайда емдеуді тағайындап, пациентті толыққанды емдеуді бастаймыз. Қатты ауырғандарды стационарға жатқызамыз. Сондай-ақ, біздің мобильдік бригада пациенттерді фильтр кабинеттерде қабылдайды. Жұмыс ырғағына қатысты, айтатыным, демалыс және мереке күндері де жұмыс істейміз. Жүктеме үлкен, себебі пациенттер көп. Айта кететін жайт, біз осы бір қатерлі инфекциямен күресуді үйрендік, көп тәжірибе алдық. https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/1757-adgalmen-arpalys-naukas-omiri-ushin-kuresken-dariger @almaty_zdrav