МАСК жанындағы мобильдік бригада Алматыдағы пандемия кезеңінде өз жұмыстарын жалғастыруда.
Қазіргі күнде МАСК жанындағы мобильдік топпен қандай көмек көрсетілетіні туралы №36 Қалалық емханадағы мобильдік бригаданың меңгерушісі Ильяс Сағиев айтып берді. Емхананың базасында пандемия басталғаннан бері 7 мобильдік бригада жұмыс жасауда, оның әрқайсысында бір жалпы тәжірибе дәрігері және екі мейірбикеден құралған, сондай-ақ, кардиолог, невропатолог және эндокринологтан тұратын кеңес беру тобы қызмет етіп жатыр. Тұрғылықты жерге барған кезде мобильдік топ пациентті алғашқы тексерістен өткізіп, ауыру деңгейін бағалайды, көрсеткіштер бойынша шұғыл тест және (немесе) ПЦР-тест әдісімен СOVID-19-ға талдама алады, қажет болған жағдайда рентгенография және компьютерлік томографияға жолдама береді. Өткен жылдың ішінде емханамен ЖРВИ симптомы анықталған шамамен 700 пациенттің тұрғылықты жеріне бару арқылы тексеріс жүргізілген. 246 пациентте коронавирус инфекциясы диагнозы расталған. Ондағы, 60 жасқа дейінгі 194 пациент, 60 жастан жоғары 27 науқас, 16 бала мен 9 жүкті әйел қауіптілік зонасында болған. 30 адам денсаулығы жай-күйінің нашарлауымен қаланың стационарына ауруханаға жатқызылды. «Ауруханаға жатқызылмайтын пациенттеріміз хаттамаға сәйкес тегін түрде үйлеріне бару арқылы емделді. Оның ішіне, денсаулығын амбулаторлық қашықтық түрде бақылау, дәрігердің кеңес беруімен күнделікті үйіне қоңырау соғу, қажет жағдайда кеңесті салалы дәрігерлер жүргізеді»,- деп түсіндіруде маман. Қашықтық кеңес беру көмегі ЖРВИ симптомы бар барлық пациенттерге көрсетілді. Өткен жылдың өзінде №36 Қалалық емхананың мобильдік бригадасымен 4734 қоңырау жасалып, үй оқшауында болған 738 пациентке бейнеқоңырау жасалды. Емханада, инфекцияны таратпау тарапында фильтр-кабинет, триаж жүйесі, сондай-ақ, жүктілер мен ЖРВИ симптомы бар балаларға арналған жеке фильтр-кабинет қаралған. Қорытындыға келе, Ильяс Сағиев ЖРВИ симптомының бірінші белгісінде немесе бұрыннан ауру анықталған адаммен болған кезде үйде қалуларын және дәрігерді үйге шақыруды ұсынды. Сіздерге міндетті түрде мобильдік бригада келеді, үйден шықпаңыз, оған қоса көпшілік жүретін жерлерге бармаңыз.