Пандемия тезірек аяқталсын деп тілеймін – алматылықтар COVID-19 вакцинасын алып жатыр
2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Екпе салу науқаны басталғаннан бері Наурызбай ауданында бүгінгі күні КВИ-ден 3500 адамға вакцина салынды.
Оның арасында, 954 медицина қызметкері, 571 педагог, 138 полиция басқармасының қызметкерлері, 45 студент, 51 ІІМ қызметкерлері, созылмалы аурумен ауратын 100 адам және қала мекенінің 1 мың адамы.
Бүгінгі күнге екпе салу науқаны бойынша 5 транш жүргізіліп жатқаны туралы айта кеткіміз келеді.
Өткен төрт эшелон бойынша 2910 адамға екпе салынды. Мұнда ең алдымен иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МАСК), қабылдау бөлімшесінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алатынын атап өткен жөн. Екінші сатыда жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші сатыға кірмеген медицина қызметінің жұмыскерлері қамтылған. Үшінші саты мектеп-интенаттар, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратындар, медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлеріне қаралған.
2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Бүгінгі таңда қаланың барлық тұрғындары вакцинациядан өтуде. Вакцинаны алудың жалғыз шарты-қаланың кез-келген емханасына тіркелу. Егер шетелдік адамның тұруға ықтиярхаты болса және ол емханаға тіркелген болса және медициналық көмектің барлық қажетті көлемін ала алатын болса-оларға вакцина да қолжетімді.
«Күнделікті бізде шамамен 60 адамға екпе салынады. Екпе салынғандардың барлығының жай-күйі жақсы. Осы уақытқа дейін бейтарап әсерлер анықталмады. Біздің азаматтарымызбен бірге шет ел азаматтары да вакцина алып жатыр. Мысалға, бүгін тұруға ыхтияры бар, қаладағы емханаға тіркелінген Оңтүстік Кореяның 5 азаматы келді. Олардың барлығы вакцина алды», – деді №36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының м.а. Венера Тохтахунова.
«Бүгін мен Спутник вакцинасын салдырдым. Мен келгенде қан қысымымды өлшеп, сатурация жүргізіп, тамағымды тексеріп, созылмалы аурудың бар-жоғы туралы сұрады. Тексеріс кезінде барлығы қалыпты болды. Екпенің салынғаны