Пульмонолог, Республикалық өңіраралық пульмонология комиссиясының төрағасы Константин Гаркалов коронавирустық пневмонияның ерекшеліктері туралы айтты.
⠀
Ауру әдетте дене температурасының жоғарылауымен, шырышты-іріңді қақырықты жөтелмен бірге жүреді. Мұндай белгілер болған жағдайда алдымен терапевтке барған дұрыс, себебі температура бірнеше аурулардың белгісі.
⠀
Тағы бір маңызды мәселе. Егер науқас үш күн бойы тұрмай жатса, онда асқыну қаупі күрт артады. Дәрігер науқастың жағдайы сәл жеңілдеген соң, жатып алмай тұрып жүруге немесе отыруға кеңес береді.
⠀
Сондай-ақ, ол терапевтер мен пульмонологтарды тұмаудың жалпы бактериялық пневмониямен асқынуы мүмкін екенін есте сақтауға шақырды. Мұндай жағдайда балалар ерекше назарда болу керек.
⠀
Коронавируспен ауырғандардың барлығына тұрғылықты жері бойынша емханада міндетті түрде оңалту курсынан өту ұсынылады.
⠀
*
⠀
Врач-пульмонолог, председатель Республиканской межрегиональной пульмонологической комиссии Константин Гаркалов рассказал об особенностях пневмонии, вызванной коронавирусом.
⠀
Заболевание обычно сопровождается повышением температуры тела, кашлем с мокротой слизисто-гнойного характера. С такими симптомами лучше идти сначала к терапевту, потому что температура — это признак довольно многих заболеваний.
⠀
Еще один момент, который тоже важен. Если человек лежит трое суток, не вставая, то риск осложнения резко возрастает. Врач рекомендует вставать, если стало чуть легче — ходить, сидеть, но не лежать.
⠀
Также, он призвал терапевтов и пульмонологов помнить о том, что есть вероятность, что грипп может осложниться обычной бактериальной пневмонией. Особую настороженность необходимо проявить в отношении детей.
⠀
Всем тем, кто переболел коронавирусом, рекомендовано в обязательном порядке пройти реабилитацию в поликлинике по месту жительства.
⠀
https://liter.kz/93174-2/