«Қайырымды істер» марафоны Алматыда жалғасын табуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жалпыұлттық деңгейде «Қайырымды істер» марафоны жүзеге асуда.
Аталмыш марафон аясында 2021 жылдың 26 наурызында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахметов Мади қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция барысында еліміздегі эпиджағдайдың қиындап келе жатқанына байланысты короновирустық инфекция және пневмония сырқаттарынан емделіп жатқан Наурызбай ауданындағы №36 қалалық поликлиникасына екі дана оттегі концентраты аппаратттарын табыстады.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахметов Мади:
— Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай президентіміз Қ.К.Тоқаев бастаған «Қайырымды істер» марафонын бүгін Алматы қаласында жалғастырудамыз. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалымен бірлесе отырып ауданындағы №36 қалалық поликлиникасына оттегі концентраты аппараттарын жеткіздік. Қазіргі таңда қаламызда эпидемиологиялық ахуал мәз емес, осы тұста барлық қала тұрғындарын карантиндік нормаларды толықтай ұстануға шақырамын.
Айта кетейік, іс-шара барысында барлық сақтық шаралары сақталды.