Қарттарға мың алғыс!

Қарттарға мың алғыс!

1 қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отан сүйгіштіктеріңізді мақтан етеміз. Біз бүгін қолданып жүргендердің барлығы, бейбіт уақытта жұмыс істеген зауыттар мен көрікті қалалар сіздердің қолдарыңызбен салынғандығын мақтан етеміз. Соғыс жылдарында да барлық қиындықтарға төтеп беріп, оқ пен оттың ортасында қан кешіп, бейбіт күн үшін күрестіңіздер. Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін.