МӘМС бойынша, емханаға тіркелу туралы не білу керек?

СІЗДІ ЕШҚАНДАЙ АУРУХАНА ҚАРАМАЙДЫ ЕГЕР СІЗ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен немесе жеке меншік клиникаға тіркелмесеңіз!
❗ЕГЕР, СІЗ ТІРКЕЛГЕН БОЛСАҢЫЗ
🔻Тіркелген емхана дәрігеріне қаралу-сіз үшін тегін, ақысын мемлекет төлейді.
🔻 Сіз мұнда скринигтік тексеруден тегін өтесіз.
🔻 Өзіңіз не балаңыз ауырып қалса, сол емхана дәрігеріне тегін қараласыз.
📌ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БАСҚА ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ?
1️⃣ Басқа жерге қоныс аударғанда
2️⃣ Сіз тіркелген емхана жабылып қалса, немесе МСҚ-мен арадағы келісімшарт тоқтаса
3️⃣ 15 қыркүйек-15қараша аралығында өтетін дәстүрлі тіркеу науқаны кезінде
4️⃣ Егер тіркелген емдеу мекемесінің қызметі көңіліңізден шықпаса, ЖЫЛЫНА 1 РЕТ ЕМХАНА АУЫСТЫРУҒА ҚҰҚЫЛЫСЫЗ!
5️⃣ Ерікті медициналық сақтандыру полисі болған жағдайда
6️⃣ Сізді өз өтінішіңіз бойынша емес комиссия шешімі арқылы тіркеп тастаған, бірақ сіз онымен келіспесеңіз
7️⃣ Үйіңіздің маңынан жаңа емхана ашылған болса
📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
➡️ Үйге дәрігер шақыру қызметінен бас тартып, кез-келген емхананы таңдай алмайсыз. Себебі, жедел жәрдем қызметіндегі реформаға бай-ты жеделдігі төмен шақырулар бойынша жақын маңдағы емхана дәрігерлері қызмет көрсетеді.
➡️ Егер, сіз емхана таңдау құқығын пайдаланбасаңыз, онда арнайы комиссия сізді аумақтық принцип бойынша тіркейді.
➡️ Ерікті медициналық сақтандыру полисі бар азаматтар бір клиникалар желісіне жататын емдеу ұцымының кез-келгеніңе тіркеле алады.