Коронавирусқа байланысты белгіленген карантин кезінде де БЖТ- ны төлеу қажет – бұл әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін құқық береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда МӘМС бойынша жеңілдік кезеңі 1 шілдеге дейін ұзартылды. Осы уақытқа дейін барлығы шартты түрде сақтандырылған болып саналады және барлығы жүйенің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Алайда, 1 шілдеден бастап сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызметтерге тек тиісті мәртебесі бар адамдар ғана сене алады. БЖТ-ы жеке тұлғалар мен ресми табысы жоқ және ресми кіріске ие емес тұлғаларға қызмет көрсететін өз бетінше жұмыспен айналысушыларға сақтандырылушылық мәртебесін береді. ФСМС ақпараты бойынша, Қазақстандағы ТЖ режиміне байланысты БЖТ-ы төлеушілердің саны күрт өсті – өйткені бұл 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алудың шарты болды. Жеке кәсіпкер мәртебесін алмай табыс алатын тұлғалар БЖТ төлей отырып, автоматты түрде МӘМС жүйесінің қатысушылары болады. 2020 жылы БЖТ мөлшері қала тұрғындары үшін 2651 теңгені және ауыл тұрғындары үшін 1326 теңгені құрайды.