Сынап термометрі мен электронды термометрдің айырмашылығы.
⠀
Дене температурасының өзгеруі адам ағзасындағы қабыну процесінің негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Термометрлердің ең танымалы сынап және электронды. Термометрия үшін қайсысы жақсы?
⠀
Сынап термометрі — сынап орналасқан капиллярлы шыны түтік. Қызуды өлшеген кезде сынап бағанасы көтеріледі.
⠀
Сынап термометрінің негізгі артықшылықтары:
• Өлшеу дәлдігі: қателік тек 0,1 градус;
• Төзімділік: ұқыпты қолдансаңыз, ондаған жылдар қызмет етеді;
• Тазалауға ыңғайлы: шыны беті жылдам тазаланады.
⠀
Кемшілігі: Қызуды мұндай термометрмен өлшеу үшін кем дегенде 10 минут қажет. Сондай-ақ, абайсызда қолыңыздан түсіп кетсе сыну қаупі жоғары және сынап буы денсаулыққа қауіпті екені белгілі.
⠀
Электронды термометр сынап термометрінің қазіргі заманғы аналогы болып саналады. Өлшеу корпуста орнатылған сенсорлардың әрекетіне байланысты жүзеге асырылады, ал термометрияның нәтижесі кішкене экранда көрсетіледі.
⠀
Мұндай термометрдің басты артықшылығы — оның қауіпсіздігі.
⠀
Ал кемшіліктері:
• Нұсқаулықты алдын-ала зерделеу маңызды;
• Электрондық термометрлер көрсеткіші дәл емес;
• Құрылғы қуаттылығы уақытша батареялар арқылы жұмыс істейді.
⠀
Термометрді таңдау қажеттілік пен жағдайға байланысты. Егер отбасында балалар болса, қауіпсіздік мақсатында электронды термометрді сатып алған дұрыс.