Мемлекет халыққа негізгі медициналық қызметтердің қажетті пакетін ұсынуды жалғастыруда, оған мыналар кіреді:
⠀
— ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
⠀
— ЕМХАНАЛАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ (терапевтпен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулар болған жағдайды бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасау, жүктілікті жүргізу);
⠀
— ДИАГНОСТИКА және ЕМДЕУ:
әлеуметтік маңызы бар аурулар;
негізгі созылмалы аурулар;
аса қауіпті инфекциялық аурулар.
⠀
Сондай-ақ, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.
⠀
Бейінді мамандардың динамикалық бақылауына жататын әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша консультациялық-диагностикалық көмек ТМККК аясында тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, бейінді мамандардың созылмалы аурулар бойынша консультациялық-диагностикалық көмекгі ақысыз көрсетіледі.
⠀
Консультациялық-диагностикалық көмек және ТМККК аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің толық тізімін және осы көмекке жүгінудің себептерін төмендегі сілтемеден таба аласыз.
⠀
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011958
⠀
Тиісті медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе әлеуметтік желідегі ресми парақшамыз арқылы хабарлама жіберіңіз.