Алматы қаласының дәрігері КВИ-мен ауырып шыққандардың жай-күйлері мен аурудан кейінгі оңалту туралы айтты. Бұл туралы №36 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген айтты.
Дәрігердің айтуынша, коронавируспен инфекциясын симптомсыз аурып шыққандар арнайы емдеуді және оңалтудан өтуді қажет етпейді. Емделу ковиді пневмониямен ауырғандарға қажет, себебі, ол кезде өкпе және қалған дене мүшелерінің гипоксиясы туындайды. Сондықтан, орташа және ауыр түрде коронавируспен ауырғандар ауруханадан салауатты болып шықпайды.
Коронавирустан соңғы жағымсыз сезім және асқынулар ковидтен сейінгі сондром деп аталады. Ковидтен кейінгі синдром ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, көптеген апта бойы тіпті ай бойы созылады. Ковидтен кейінгі симптомдар: өкпе фиброзы, жүрек-қантамыр ауруыныңы асқынуы, көп ұйықтау, үнемі әлсіздікке ұшырау, жадының нашалауы, когнитивті бұзушылықтар (дұрыс ықылас аудармау), демікпе, депрессия және тағы басқа синдромдар болады.
Ағзаны қалпына келтіру үшін ауырған адамдарға оңалтудан өту қажет. Бұл өкпе мен тыныс алу функцияларының толыққанды жұмыс жасауын қалпына келтіріп, пневмофибриозды болдырмайды, қалған салдарын жойып имунитетті күшейтеді.
Ол үшін тұрғылықты жер бойынша емханаға, учаскелік дәрігерге бару керек, ол өз кезегімен адамның жай-күйінің ауыртпалығын бағалайды. Паценттің көрсеткіштері бойынша оңалту орталығына немесе емханалық жағдай бойынша оңалтуға жібереді. «Оңалту уқалау, тыныс алу жаттығуы, емдік дене шынықтыру, тренажерларда жаттығу жасау, физиотерапия, дәрі-дәрмекпен терапия жүргізу, фитотерапиядан тұрады. Оңалтудың бір курсының ұзақтылығы 10-14 күнге созылады. Пациентте оттектің жетіспеуі себебі: үрей, стресс, депрессия секілді симптомдар туындайды. Мұндай жағдайда психотерапевт қаралады»,- деп атап өтті маманымыз. Сөзінің соңында Гүлжайнат Тілеген КВИ-мен аурып шыққандарға газ алмастурдың да оңалтуға жататынын ескере отырып, жиі серуендеу, таза ауа жұту, велосипед тебу секілді кеңес берді.