Қала әкімі Б.Сағынтаев №36 емханадағы халыққа екпе егу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанымен танысты.

Қала әкімі Б.Сағынтаев №36 емханадағы халыққа екпе егу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанымен танысты.

Қала әкімі Б.Сағынтаев №36 емханадағы халыққа екпе егу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанымен танысты.

Мұнда екі мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерген. Медициналық мекеме басшысының айтуынша, ерікті түрде алғысы келетін тұрғындар саны күн санап артып келеді.

«Біз түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Емханаларда, тұрғын үй алаңдары мен әлеуметтік желілерде вакцинация туралы хабарлама таратамыз. Ал мейірбикелер тұрғындардың кез-келген сауалына жауап беруге дайын. Екпе алғаннан кейінгі кезең туралы да ақпарат береміз. Қазір тұрғындар вакцинаның маңыздылығын жақсы түсінеді. Екпе егуге ниеттілер өте көп», – деді №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны кез келген қала тұрғыны ала алады. Ол үшін тек мекенжай бойынша тіркелген емханада ғана емес, өзіңізге ыңғайлы кез-келген екпе егу пунктіне баруға болады. Алайда санитарлық талаптардың тиісті деңгейде сақталуы үшін дәрігерлер алдын-ала жазылуға кеңес береді. Ал Республика алаңының ішінде халыққа қызмет көрсететін бұл нүкте 3 күннен бері қарқынды түрде жұмыс істеп жатыр. Мекемеге бір мезгілде кіретін адамдар саны 10-нан аспауы керек. Кіреберісте дене қызуыңызды өлшеп, антисептик қолдануды талап етеді. Тіркеуден өткен тұрғындарға берілген арнайы нөмір бойынша біртіндеп шақыртылып отырады.

«Интернет арқылы естіп, бүгін өз еркіммен келдім. Вакцина өзімнің денсаулығым үшін керек. Бірінші екпені салдырдым. Барлығын кезекпен кіргізіп жатыр. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған», – деді қала тұрғына Таңатар Қарабаев.

«Ел қатары мен де келіп, өз еркіммен вакцина алдым. Өйткені мен өзімді ғана емес, ортаны да қорғауға атсалысуым керек. Вакцина салуда жұмыс жақсы жолға қойылған екен», – деді қала тұрғыны Әсімхан Максимханов.

https://almaty.tv/kz/news/koronavirus/2026-b-sagyntaev-vaktsina-salatyn-emkhanalardyn-dgumysymen-tanysty