Бүгін 28 сәуір 2021 жылы «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалы конференц залында аудан әкімі С.Ә. Тоғайдың төрағалығымен, «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының кезекті ХIIІ конференциясы өтті.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
1.«Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебіжәне алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2.«Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының Саяси кеңесін сайлау;
3.«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.
Конференция жұмысына 56 делегат қатысты. Партия конференциясында Саяси кеңесінің жаңа құрамы, Саяси кеңес Бюросының құрамдары бекітілді. Сондай-ақ конференцияда 2021 жылдың 12 мамырында өтетін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының кезекті XXVІІ конференциясына делегаттар сайланды.
nauryzbai_audany @akimat_nauryzbai_audany
@naurizbai_nur_otan