Көз шаршауын қалай басу керек? Дәрігердің кенестері

Көз шаршауын қалай басу керек? Дәрігердің кенестері

№36 Қалалық емхананың офтальмолог- дәрігері Әлия Найкина балалардағы жиі кездеcетін көз ауруы туралы айтты.- Соңғы кездері ата-аналар балалардың көру қабілетінің нашарлап кеткеніне шағымданады. Көбінесе, балаларда «Миопия» диагностикасы немесе басқаша айтқанда алыстан көрмеушілігі кездеседі. Аурушаңдық дәрежесі:- әлсіз миопия – 3 диоптриядан аспайды; орташа миопия – 6 диоптриядан аспайды; жоғары миопия -6 диоптрия және одан аса болып танылады. Клиникалық ағым бойынша күшейетін миопия және күшеймейтін миопия болып бөлінеді және олар туа біткен, сондай-ақ, жүре пайда болуы мүмкін. Алыстан көрмеушілік, қазіргі уақытта балалардың қашықтық түрде оқытылатын ескерсек, түрлі гаджеттерді көп қолданғанның салдарынан өршиді. Балалар көбінесе ұялы телефон арқылы мультфильм көргенді ұнатады, бұл да көру қабілетінің нашарлау қаупі- деді маманымыз.
Оный айтуы бойынша, мультфильмдерді теледидардан көрген дұрыс, себебі, оның арасында белгіленген қашықтық болады және 3 метрден жақын отырмау ұсынылады. Көзілдірік, жанаспалы линза, ортокератология- түнгі мерзімде киетін линзалар, шұғыл әрекет ететін заттар (лазерлі көру қабілетін түзеткіш, факи линзасының импланты, көз жанарын рефракциялық тұрғыда ауыстыру, склеропалитка),- деп атап өтті. Дәрігер офтальмолог- дәрігерге қаралуы қажет екені туралы кеңес береді, ал, балалар жиі шағымданбайды. Осы аурушаңдық анықталған жағдайда емдеу тәсілін тағайындайды. Сөзінің аяғында маман балаларға күнделікті көзге пайдалы жаттығулар жасауды, компьютерде отырғаннан соң таза ауаға шығу керек, яғни, бала күн сайын дене шынықтырумен айналысып, компьютерге сирек отыруы қажет.