АЛҒЫС

АЛҒЫС

Сәлеметсіздер ме?!менің аты-жөнім Биағалиева Гулнара Жұмабекқызы.Жақын арада мен өкпеме суық тигізіп алып,ауруханаға жатып шықтым.Дәрігерлердің нұсқауы бойынша, өзімнің емханама барып, ары қарай емімді жалғастыру керек болды. Менің емханам Шұғыла ықшамауданындағы, 36-емхана. Ол жерде мобильді группа дейді, бірнеше медбикелерден құрылған группа, өте жылы, жақсы қарсы алды.Мен разымын.Мені Садық Ақбота деген медбикенің қарамағына қалдырды.Ол кісі өте мұқият, өз жұмысына өте пысық.Мен разымын ол кісіге.9-шілдеден бастап, әр күн, әр сағат сайын хабарласып, қал- жағдайымды сұрап,температура бар ма, одышка, бір жеріңіз ауыра ма, не мазалайды деп біліп, тіпті қасымада келуге бел буды.Оған жол бермедім. Қалімнің жақсы екенін айтып,күнде хабарласып тұрдық.Еңбегіңізге табыс тілеймін, ризамын Садық Ақботаға. Рахмет барлық группаға,еңбектеріңізге табыс тілеймін!Көп рахмет!