Вакцинация

Вакцинация

АҚПАННАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫ ЖАППАЙ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛАДЫ

Тіркелген емхана арқылы вакцинаны алу тәртібі қандай, неге дәрігерлердің ұсыныстарын орындау керек және оны электронды форматта қалай бақылауға болады. Естеріңізге сала кетейік, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация жүргізер алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру сияқты алдын-ала бақылау шаралары жасалады. Егер дене температурасы 37°C-дан жоғары болса вакцинация кейінге қалдырылады. Вакцинацияланатын азамат егуді жүргізу алдында жазбаша түрде нысан бойынша ерікті түрде хабардар етілген келісімге немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды.