Емхана енді жап-жақын!
Емхана енді жап-жақын! Бір кездері дәрігердің қабылдауында болу үшін сағаттап кезекке тұрып, оны сарыла күтетініміз әлі есте. Бірнеше маманның алдынан өту үшін тіпті бір күн, кейде одан да көп уақыт жоғалтушы едік. Пандемия кезінде жағдай күрделеніп, қауіпті бола түсті. Бірақ ол өмірімізге өзінің ережелерін енгізіп үлгерді.
Бәрі басқаша. Ауыруға, дәрігердің кеңесін алуға уақыт жоқ. Бірақ денсаулыққа көңіл бөлмесе тағы болмайды.
Дамумед қосымшасы — медицинаны жақын әрі қолжетімді ететін қызмет. Ұялы телефон көмегімен:
• дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе оны үйге шақыруға,
• анализ қорытындыларын интерактивті түрде алуға,
• денсаулық жағдайына бақылау жүргізуге,
• медициналық анықтамаларды бақылауға,
• дәрі-дәрмек алу рецептін рәсімдеуге,
• ең бастысы, еліміздің әр аймағындағы таңдаулы дәрігерлерден бейнеконсультация алуға болады.
Пациент денсаулығын толық бақылау мүмкіндігі. Қазақстанның 17 аймағы, 1375 медициналық ұйым және 3,5 млн қосымша қолданушысы. Дамумед — уақытын, ең бастысы, денсаулығын бағалай білетіндерге арналған цифрлық платформа. Өйткені денсаулық — бүкіл мемлекет қауіпсіздігі.