Наурызбай ауданының медицина қызметкерлері вакцинациялаудың екінші сатысын өтуде.
Бүгін №36 Қалалық емханада өз еркілерімен келген медицина қызметкерлерін вакцинациялаудың екінші сатысы басталды. Жалпы, бірінші сатысында №26,27,35,36 Қалалық емханалардан және №7 Қалалық клиникалық ауруханадан 160 медицина қызметкерлеріне екпе салынды.
№36 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген екпе алудан бұрын барлық қызметкерлер дәрігердің тексерісінен өтетіні туралы атап өтті.
Екпе алғаннан соң 30 минуттың ішінде екпе салынғандар арнайы бөлінген кабинетте бақылауда болады. «Бүгінгі күні 65 медицина қызметкері екпе алады. Екпе салынғандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, ешқандай жанама әсерлер анықталмаған.
Қалған 95 адамға ертең екпе салынады»- деді дәрігер. Гүлжайнат Тілеген айтуынша, бәрібір де екпе салынғаннан соң келесідей профилактикалық шаралар орындалуы тиіс: әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу, ал ЖРВИ белгілері анықталған адамдар дәрігерге баруы қажет.
Ең алдымен, иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МАСК), қабылдау бөлімшесінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алады. Екінші сатыда вакцинамен жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының, бірінші сатыға кірмеген медициналық қызмет жұмыскерлерін қамтиды.
Үшінші сатыға мектеп-интернаттың, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратын адамдар, әлеуметтік-медициналық мекеме жұмыскерлері жатады. Вакцина алуға профилактикалық екпе кезінде қарсы көрсеткіштері болған адамдарға рұқсат етілмейді.