Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы бұйрығымен созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқылаудың мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекітті. Бұйрық 10 қарашадан бастап күшіне енеді.
⠀
Созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету алғашқы медициналық-санитарлық көмек және тіркелген жеріндегі консультациялық-диагностикалық көмек беру ұйымдарында, ТМКК және МӘМС жүйесінде динамикалық байқау арқылы жүзеге асырылады.
⠀
Медициналық көмек көрсету:
⠀
1. МСАК ұйымдарында динамикалық бақылауға алынатын аурулар болған жағдайда;
2. Консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде динамикалық бақылауға жататын әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде;
3. Бейінді мамандардың бақылауы қажет созылмалы аурулар болған жағдайда.
⠀
Созылмалы науқастарға медициналық көмекті: жалпы тәжірибелік дәрігер, учаскелік терапевт дәрігері / учаскелік педиатр, учаскелік мейірбике немесе фельдшер, сондай-ақ бейінді мамандар жүзеге асырады. Егер көрсетілімдер болса, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары қатысады.