Қарттар күнін екінші күз айының бірінші күні — 1 қазанда барлық жерде атап өту әдетке айналған: бұл мереке халықаралық мәртебеге ие. Айтпақшы, бұл күн кездейсоқ таңдалмаған: қартайған уақыт — алтын уақыт, күз — өздеріңіз білетіндей — алтын уақыт деп те аталады деген пікір бар, сондықтан аға буынға күз мезгілінің ортасында ерекше күн беру туралы шешім қабылданған. «Қарттарым асыл қазынам» атты емханада іс-шара ұйымдастырылып, ауданымыздағы қарттарға дәрігерлердің тексерулерінен өтті. Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер ауданымыздың ең қарт тұрғыны 102 жастағы Қаламқас әжені үйіне барып құттықтап қайтты.