Құрметті денсаулық сақтау ісінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Жылы әрі шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Биылғы жылы Біз Медицина қызметкерлері күнін ерекше сезіммен атап өтудеміз. Бүгін ақ халатты абзал жандар басым көпшілікке қайырымды, адамгершілігі мол және қаһарман кәсіптің өкілдері ретінде танылған.
Екі жыл бойы медицина қызметкерлері көбінесе өздерінің өмірін қауіпке төндіре отырып адам өмірін сақтау арқылы, коронавирус инфекциясының, сондай-ақ, басқа да аурулардың таралуымен күресуде алғы шепте болды.
Сіздердің өз істеріңізге беріле отырып, қызметтеріңізді аса қабілетті атқаруыңыз, өздеріңізді құрбан қылу, Гиппократтың антына деген сенімділігіңіз шындап масаттандыруы сөзсіз.
Тәулік бойы пациенттердің денсаулығы үшін күресесіздер және күш-қуаттарыңызбен парыздарыңыз — адам өмірін құтқарып, оларды қалыпты тіршілкке бейімдеу жұмыстарыңызды әрі қарай жалғастырасыздар. Көптеген дәрігерлер адам баласын емдеуге тырмысып мүмкін емес ғажапты жасайды.
Сіздердің қайсарлығыңыз бен жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз үшін алдарыңызда бас иемін! Өмір жолдарыңызда оқыс жағдайлар еш кездеспей, қызметтеріңіз қуаныш және татуластыққа әкелсін.
Сіздерге мықты денсаулық, махаббат және жақындарыңыздың қолдауын, отбасы амандығы мен бейбіт аспан тілеймін.
Ізгі ниетпен, №36 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген