Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Венера Тохтахунова қалыптасқан мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Венера Тохтахунова қалыптасқан мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Венера Тохтахунова қалыптасқан мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.

«Денсаулық сақтау ісі қазіргі таңда үш деңгейлі жүйе бойынша медициналық көмек көрсетеді. Мұндағы бірінші деңгей — медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету мамандарымен амбулаторлық, стационаралмастырушы және үйге бару арқылы көрсетілетін медициналық көмек. Екінші деңгей — амбулаторлық, стаиционаралмастырушы және стационарлық тұрғыда бейінді мамандармен, сонымен қатар, алғашқы деңгейде көрсетілетін медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдауы бойынша көрсетілетін медициналық көмек және үшінші деңгейі — жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдану арқылы амбулаторлық, стационаралмастырушы және стационарлық тұрғыда бейінді мамандармен, оның ішінде, алғашқы және екінші деңгейдегі мамандардың жолдауы бойынша көрсетілетін медициналық көмек» — деді Венера Тохтахунова. Маманның айтуынша, халыққа көрсетілетін медициналық көмек 2 пакетке бөлінген. Бірінші пакет – сақтандырылған мүддесіне қарамастан барлығына арналған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және екінші пакет – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. ТМККК толық пакеті Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығына, қандастарға, қашқындарға, босқындарға, шет ел азаматтарына және ҚР аумағында тұратын және азаматтығы жоқ тұлғаларға қол жетімді. Бұл жеңілдікті азаматтығы жоқ шетелдіктер мен пана іздеушілерге де арналған. МӘМС пакеті бойынша көмекті ел азаматтарынан бөлек ҚР аумағында үнемі тұрақтанған шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, қандастар, ҚР аумағында уақытша тұрақтанатын шетелдіктер мен олардың отбасы да ала алады.

https://azattyq-ruhy.kz/news/24363-turgyndar-zhekemenshik-emkhanalarga-da-tegin-karala-alady-maman-pikiri