Алматы қаласында «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі.

Алматы қаласында «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі.

Алматы қаласында «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі.
Осы туралы №36 Қалалық емхананың педиатр- дәрігері Майя Шегебаева айтып берді. Маманның айтуынша, медициналық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға, ал, мүмкіндігі шектеулі балаларға, медициналық көмектің негізгі түрлерімен бірге КТМКК және МӘМС тараптарында тегін көрсетіледі.
Олардың арасында: медициналық алғашқы көмек, орта медицина қызметкерлерімен көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек, жалпы тәжірибелі дәрігерлерімен, терапевттермен, педиртлармен көрсетілетін біліктілік көмегі, бейінді мамандармен көрсетілетін мамандандырылған көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және әлеуметтік-медициналық көмек. Еліміздегі балалар мүгедектілігі көкейтесті мәселені бірі болып саналмақ. Балалар мүгедектілігіне әкелетін аурушаңдық құрылымында психикалық күйзелістер жүйке жүйелерінің ауруы, даму ақаулығы, зат алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар, бұлшықет-сүйек жүйесінің ауруы. «Бүгінгі күні емханамызда мүмкіншілігі шектеулі 140 бала есепте тұр, оның ішінде, қимыл-тірек аппаратының бұзылуымен – 41%; оның арасында, арбамен жүретін мүгедектер – 9,9%; есту қабілеті бұзылғандар – 6,5 %; көру қабілеті бұзылған – 3,3%; психикалық бұзылыстармен – 19%; басқа да патологиялар – 20,3%. »
Олардың барлығы диагностика хаттамасына сәйкес, үнемі тиісті түрде емделіп тексерістен өтіп отырады. Дәрігердің қабылдауына ұялы қолданба арқылы жазылып, ал, егер шұғыл жағдай болса, онда қабылдау кезінде кезекке тұрмайды, сағаттары мен тіпті минуттары есептелу себепті, жазбасыз және кезексіз қабылданады»- деп түсіндірді. Мұндай балаларға медициналық көмек педиатр- дәрігерлермен, сондай-ақ, учаскелік ұстаным бойынша жалпы тәжірибелі дәрігерлермен, бейінді мамандармен, көрсеткіш анықталған кезде- үйге бару арқылы көрсетіледі. Оның айтуынша, емханада заманауи құралдармен жабдықталған ересектерге және балаларға және де церебралды сал диагнозымен, қимыл-қозғалысы дамуының бөгелісімен, психикалық дамуының бөгелісі, жарақаттан кейінгі контрактурасы бар балаларға арналған оңалту бөлімшесі қаралған.