Алматы қаласының педиатр-дәрігері COVID-19 инфекциясын балалар қалай көтеретіні туралы айтты.

Алматы қаласының педиатр-дәрігері COVID-19 инфекциясын балалар қалай көтеретіні туралы айтты.

Алматы қаласының педиатр-дәрігері COVID-19 инфекциясын балалар қалай көтеретіні туралы айтты.
N36 Қалалық емхананың педиатр-дәрігері Майя Шегебаева балалардағы коронавирус инфекциясы ересектерге қарағанда жеңіл өтетінін, кейбір кезде тіпті симптомсыз болатынын атап өтті.- Балалардағы аурудың белгілері әлсіздік, сылбырлық, бас ауруы, ЖРВИ белгілері, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің жоғалуы, ішінің ауыруы секілді симптомдар болады. Сонымен қатар, балалар ересектерге қарағанда инфекцияны жақсы көтереді- деді маман. Майя шегебаеваның айтуынша, коронавирус инфекциясынан өкпеге зақым келуі балаларда да ересектерде де анықталмаған. Балалардағы COVID-19 жоғарғы тыныс алу жолдарына (мұрын, ауыз, тамағына) зақым келтіреді, сол себепті, оларда суық  тиген секілді симптомдар (температура, мұрынның бітуі, тамағының ауыруы немесе жыбырлауы) болады, вирус төменгі тыныс алу жолы- өкпеге әсерін тигізбейді, және де біздің тәжірибеде өміріне қауіп төндіретіндей пневмония балаларда да ересектерде де анықталмаған. Дегенмен, балаларда ковидтен соңғы синдромдар болуы мүмкін. Сондықтан да сауығып болғаннан кейін учаскелік дәрігерде тексерістен өтуі туралы кеңес береді.
Кейде балалардағы ковидтен кейінгі синдром ұйқысыздықпен, бұлшық еттерінің, асқазан-ішек жолының, жүрек жағының ауыруымен, көңіл аудару сезімінің бұзылуымен өтпек.- Егер мұндай симптомдар ауырып өткен коронавирустық инфекция кезінде кездессе, балаларды денсаулығын оңалтып жақсарту үшін мақсатында қалалық, республикалық маңыздағы балалар санаторийі секілді емдеу мекемелеріне сауығуға жібереміз. Денсаулықтың оңалтып жақсарту үшін: қозғалу, жүру режимін, толыққанды балансты тамақтану, уқалау жасау, тыныс алу жаттығуы, емдік дене шынықтыру және тренажерларда жаттығу жасау, дербес психотерапия, физиотерапия, дәрі-дәрмекпен терапия жүргізу, фитотерапиядан өту қажет.
Оңалту курсынан 10-14 күн аралығында өту керек. Бұл жерде ЖРВИ-дан кейін жиі ауратын, бронх демікпесімен, неврологиялық, гастроэнтерологиялық және кардиологиялық патологиямен ауратын балаларды да денсаулығын оңалту үшін жіберіп отыратынымызды атап өткен жөн-дейді Майя Шегебаева. Маман балаларға аурудың алдын алу туралы түсіндіруі керек.