Зарина Жапаровна Маликова өзінің арғы атасы туралы айтты

Зарина Жапаровна Маликова өзінің арғы атасы туралы айтты

Бүкіл әлемге әйгілі күннен бері қанша уақыт өтсе де, Жеңіс мерейтойын қалай атап өтсек те, ең бастысын ешкім өзгерте алмайды: бұл мереке еліміз бен дүниежүзіне әкелген қайғы мен мұң әлі де біздің жүрегімізде, қаза тапқандарды еске алу және әлемді нацисттердің ауыртпалығынан құтқарған жандарға мың алғыс айту күні. Осы мереке қарсаңында №36 Қалалық емхананың аға акушері Зарина Жапаровна Маликова өзінің арғы атасы туралы айтты. Менің арғы атам Майлянов Жапар Рахымбайұлы 1900 жылы дүниеге келген, Азаматтық және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Көптеген ордендерге ие болған. Ол бүкіл соғыс жолынан өтіп, Берлинге дейін жетіп үйге жеңіпен қайтқан»,- деді Зарина Маликова. Менің арғы атам өзінің қызы, яғни, менің әжеме соғыс күнінің бірінде бір неміспен қасарысқаны туралы айтып беріпті. Неміс ірі денелі, күшті болған, дегенмен, атам ол немісті құлатқан. Сондай-ақ, Берлинге қалай кіргені туралы айтты. Әйелдер көп болғаны және олардың көбісі тығылып, қолдарында тапанша болғаны туралы және бір кездері оны ата жаздағаны туралы айта кеткен. Жапар Рахымбайдың өмірі елімен бірге таныс адамдарға, жұмыс және сезімдерге, отбасы қуаныштарына, тарихи оқиғаларға мол болған. Оның қызы және 7 немересі бар. 7 немереден 11 шөбере туған. Жапар атамыз өзінің 80-жылдық мерейтойына бір жыл толмай 1979 жылы дүниеден өткен.