Лучшее лечение – выявление заболеваний на ранних стадиях

Ең жақсы емдеу – ауруларды ерте кезеңнен анықтау. Көптеген аурулар даму кезеңінде емделеді. Сондықтан оларды алдын ала анықтау маңызды. Олардың кейбіреулерін тану үшін, қымбат тексерулерден өту керек. Қазақстанда оларды тегін өтуге болады.
Жыл басынан бері, республика бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) өз жұмысын бастады. Скринингтік тексерулердің көпшілігі #МӘМС сақтандыру пакетіне өтті және енді барлық сақтандырылған азаматтарға қол жетімді.

Мысалы, 40-тан 70 жасқа дейінгі азаматтар артериялық гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті мен глаукоманы анықтауға МӘМС шеңберінде тексеріле алады. Пациенттердің кейбір санаттары АИТВ-инфекциясы, В және С гепатиттерінің барына тексерілуі мүмкін.
Бұл ретте онкологиялық аурулардың үш түріне тексеру медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әрбір қазақстандыққа қолжетімді болып қала береді. Бұл жатыр мойны қатерлі ісігіне скрининг, сүт безі қатерлі ісігіне онкоскрининг және тоқ ішек обырына немесе полипозға тексеру.
Тексеруден өту үшін тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс орны бойынша емханаға тіркелу қажет.
Алдын ала ескертуге болатын көптеген аурулар соңғы сатыларда өмір сүру үшін қауіпті екенін есте сақтау маңызды.
___

Лучшее лечение – выявление заболеваний на ранних стадиях. Многие болезни поддаются лечению на этапе развития. Именно поэтому важно выявлять их заранее. Чтобы распознать некоторые из них, следует пройти дорогостоящие обследования. В Казахстане их можно пройти бесплатно.
Большинство скрининговых обследований перешли в страховой пакет ОСМС и теперь доступны всем застрахованным гражданам.
Граждане в возрасте от 40 до 70 лет могут обследоваться на выявление артериальной гипертонии, ишемической болезни сердца, сахарного диабета и глаукомы в рамках #ОСМС.
При этом 3 вида онкологических заболеваний остаются доступными: #скрининг на рак шейки матки, онкоскрининг на рак молочной железы и обследование на рак толстой кишки, или полипоз.
Для того чтобы пройти обследование, необходимо быть прикрепленным к поликлинике по месту жительства, учебы или работы.
Помните, многие заболевания, которые можно предупредить, опасны для жизни на поздних стадиях