Неліктен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қабылдауға болмайды?

Неліктен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қабылдауға болмайды?

Неліктен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қабылдауға болмайды?

Дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі — бұл дәрі-дәрмектің ағзаға әсер етер ең тиімді кезеңі.

Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өндіруші ықтимал жанама әсерлері мен препараттың тиімділігі үшін жауап бермейді.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, дәрі-дәрмектің 90% -ы жарамдылық мерзімі өткеннен кейін бірнеше жыл бойы тиімділігін жоғалтпайды.

Мұндай жағдайда әр науқас жауапкершілікті өз мойнына алып, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдауды өздері шешуі керек. Оның салдары үшін де жауапкершілікті өз мойнына алатынын есте сақтаған жөн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайтын дәрілерге мыналар жатады: балаларға арналған дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, рецептік дәрілер.

Сонымен бірге, жарамдылық мерзіміне қарамастан, дәрі-дәрмектерден өзгерістер байқалса, қабылдауға болмайды:

• дәрі аңдатпада көрсетілген түсінен өзгеше болса;
• дәрі пішіні өзгерсе: ұсақталған, сынған, немесе тым жұмсақ;
• сұйықтықтың құрамы аңдатпада сипатталғаннан өзгеше;
• дәрі-дәрмектің иісі өзгерсе;
• пакеттің тығыздығы, тұтастығы бұзылған;
• ампуладағы дәріде тұнба пайда болды немесе түсі өзгерсе;
• капсулалар пішінін өзгертсе немесе бір-біріне жабысып қалса.