Сенәм артсаң да, қадағала: жалдамалы жұмыскерлерге медициналық сақтандыру туралы не білу керек

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі барлық азаматтарға жұмыс істеуі үшін, үш негізгі шартты білу қажет:
жүйелілік, уақыттылық пен міндеттілік. Әсіресе, бұл жалдамалы қызметкерлер үшін маңызды. Өкінішке орай, барлық жұмыс берушілер ережеге жауапкершілікпен қарамайды және оларды елемейді. Бұл мыңдаған қазақстандықтардың МӘМС жүйесінен тыс қалуына әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, аударымдарды бақылау қажет. Бұны қызметкер қалай жасай алады?
Алдымен egov.kz жүйесінде өз мәртебеңізді тексеріңіз. Егер сіз мәртебеңіздің өзгергенін байқасаңыз, ең бірінші кезекте, жұмыс берушіге тікелей хабарласыңыз. Егер жұмыс беруші жарналарды төлеуден бас тартса, онда оған төлем төлеуден жалтарғаны үшін, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ төленбеген айыппұл сомасынан 20-50% мөлшерінде айыппұл төлеу міндетті екендерін еске салыңыз. Сондай-ақ өсімпұл қарастырылған.
Егер жұмыс беруші өз міндеттемелерін уақытында орындамаса, ал медициналық көмек қазір қажет болса, онда бұл жағдайда жарналарды өздігінен төлеуге болады. Және де жұмыс беруші төлемді кейін енгізген жағдайда, қызметкер өз қаражатын қайтара алады. Жұмыс берушімен еңбек шарты болмаған жағдайда, қызметкерге сақтандыруды өздігінен төлеуге тура келеді.
Осы үш шарт есіңізде болса, Сіз #МӘМС жүйесінен «шығып кету» қаупін азайтасыз. Сондықтан өз мәртебеңізді тексеруді және жұмыс берушілерге аударымдар туралы еске салуды ұмытпаңыз, деніңіз сау болсын!