Туберкулездің COVID-19 инфекциясынан қандай айырмашылығы бар екендігі туралы фтизиопульмонолог дәрігер айтып берді.

Туберкулездің COVID-19 инфекциясынан қандай айырмашылығы бар екендігі туралы фтизиопульмонолог дәрігер айтып берді.

Туберкулездің COVID-19 инфекциясынан қандай айырмашылығы бар екендігі туралы фтизиопульмонолог дәрігер айтып берді.

№36 Қалалық емхананың фтизиолог- дәрігері Қарагөз Өтемұратова айтқандай:- клиникалық түрде туберкулез коронавирус инфекциясынан түр айырмшалығы жоқ.

Туберкулез кезінде, COVID-19 инфекциясы секілді өкпе зақымданады, жөтел, дене қызуы, ентігу пайда болады, кейбір жағдайда қан қақырады. Тексеріске дейінгі айырмашылықты қақырықты алумен және ПТР тесті анализдері арқылы ғана білуге болады. COVID-19 инфекциясы кезінде жөтел лезде пайда болмайды, ең алдымен, дене қызуы көтеріліп, иіс сезу қабілеті жоғалады, ентігеді, егер туберкулез кезінде жоғарыда аталып өткен барлық белгілерге ең негізгі белгі болып жөтел қосылса, мұнда ең алдымен өкпе зақымданады,- дейді Қарагөз Өтемұратова.

КВИ – бұл вирустан туындайтын ауру, туберкулездің қоздырғышы болып ба ктерия саналады, COVID-19 кезінде өкпені вирус зақымдаса, туберкулезда бактерия. – Кейде осыны көбісі шатастырады- деп атап өтті маман. COVID-19 инфекциясы мен туберкулездің арасындағы айрықша белгі- бұл әрине емделуді әрі қарай жалғастыру. Коронавирус инфекциясы 2-3 апта, ең ұзақ дегенде бір ай емделеді.

Туберкулез бұған қарағанда ұзағырақ- ең азы 18 айдан 3 жылға дейін. Сондай-ақ, емделу үдерісінде айырмашылық бар. КВИ кезінде 1-2 ғана таблетка және инъекция алса, туберкулезда 1-2 бактерияға қарсы укол және осыған қоса ұзақ уақытқа дейін 20-25 таблетка қабылдайды.

Туберкулезді келесідей 4 зерттеу әдісімен анықтауға болады: бактериологиялық (материал мен жасушалы зерттеуді, яғни, материалдың себіндісін микроскопппен қарау), молекулярлық-генетикалық шұғыл әдіспен (GeneXpert, Хайн-тест), рентгенологиялық және туберкулинодиагностикамен (Манту сынамасы).

–Біздің емханада туберкулезді анықтау үшін барлық қажетті заттар қаралған. Ең бірінші, фильтр кабинеттер және қақырық алынатын фтизиокабинет. Бұл кабинеттер жалпы кіре берістен бөлек орналасқан. Мұнда КВИ белгілері бар және 2 аптадан аса жөтелі бар пациенттердің алғашқы диагностикасы жүргізіледі. Материалды алып, егер адамда ашық түрдегі туберкулез белгіленсе, пациентті тубдиспансерге жатқызамыз