№36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының м.а., бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Венера Тохтахунова халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тарапында қандай медициналық көмек алатыны туралы түсіндірді.

МӘМС пакеті аударым және жарналар жүзеге асатын адамдарға: ҚР азаматтарына, ҚР аумағында үнемі тұрақтанатын шет ел азаматтары (тұрақтанатын жері бар), ҚР аумағында үнемі тұрақтанатын, азаматтығы жоқ тұлғалар, қандастар, ҚР аумағында уақытша тұрақтанатын шет ел азаматтары мен олардың отбасы.
МӘМС жүйесінің Қазақстандық моделі әлеуметтік түрғыда бағдарланған. МӘМС өзіне жарнасы мемлекет атынан төленетін халықтың 15 жеңілдік санаты кіреді. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, қорға жарна төлеуден: әскери қызметшілер; мемлекеттік арнайы органның қызметкерлері; құқыққорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
МӘМС пакетіне амбулаторлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек (профилактикалық тексерістер, бейінді мамандардың қабылдауында болу және кеңес алу, сондай-ақ, елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және оларға күдік болған кездегі аурушаңдық кезінде үйге бару арқылы мобильдік бригаданың қызмет көрсетуі, созылмалы аурушаңдықпен ауратын адамдарды бейінді мамандармен динамикалық бақылау, халықтың жеке санаттарына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету, диагностикалық қызметтер, оның ішінде, зертханалық диагностика және тізімдеме бойынша емшара және манипуляция), мамандандырылған, сонымен қатар, стационаралмастырушы жағдайда жоғары технологиялық медициналық көмек, елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурушаңдық кезінде және оларға күдік туындаған кезде үйге бару арқылы стационар қызметін көрсету (ТМККК тарапындағы аурушаңдықты емдеуден басқа кезде жоспарлы түрде),уәкілетті органмен белгіленетін аурушаңдық тізімдемесі бойынша медициналық оңалту, қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзалары мен тіндерін алуға (алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау) дайындау.