Salauatty jastar

#36 Қалалық емхана базасында орналасқан “Salauatty jastar” денсаулық орталығымен Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ұйымдастыруымен 15 ақпан күні жас қыздарға арналған гинеколог маманның лекциясы өтті.


Лекция барысында гинеколог Ұлданай Пердеқызы қыз баланың физиологиялық дамуы және де ерте жүктіліктің алдын алу шараларымен таныстырып өтті.
Қыз бала — ұлт анасы екенін қоғам болып жастарға түсіндіру біздің міндетіміз.

#салауаттыжастар