COVID-19 екінші толқынына дайындықтың аясында

COVID-19 екінші толқынына дайындықтың аясында

Алматы қаласының әкімі Сагинтаев Бақытжан Абдировичтың тапсырмасы бойынша, қала тұрғындарының,әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы соның ішінде 65-жастан асқан қарттарға және 0 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға( көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балаларға) үй жағдайында профилактикалық медициналық қарау тапсырылған.
Алматы қаласы бойынша 0 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан қарттарға тегін үй жағдайындағы медициналық профилактиқалық қарау 2 қарашадан 28 желтоқсан аралығында өтеді.
Пандемия уақытында жоспарлы науқастардың келуі азайғандықтан, медициналық қарауды үй жағдайына ауыстырды.
Профилактикалық медициналық қарау халыққа медициналық қызмет көрсетудің белсенді түріне жатады, аурудың алдын алу мақсатында.Сол себептен үй жағдайында қарау ұйғарылған. Біздің емханада медицина қызметкерлерінен тұратын, көпсалалы топ құрылған. Мамандар: жалпы тәжірибелік отбасы, педиатр,неврапатолог, хирург, офтальмолог,ЛОР-дәрігері. Бұдан басқа науқастарға үй жағдайында қан қысымының, қандағы қанттың мөлшерін, ЭКГ,көзішілік қысымды өлшеу қызметтері бар.
Учаскелік дәрігерлер тізімдерді дайындап, алдын ала өту уақытын хабарлайтын болады.
Біздің дәрігерлермен 2600 адамды үйде қарау жоспарланған.
Бұл шара азаматтарымыздың денсаулығын сақтап қалуға және де короновирустық инфекцияның екінші толқынын ушықтырмайды деген көмекпен жасалынып отыр.