МӘМС енгізу – бұл Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа тарихи кезең!
Онжылдықтың басынан біздің елімізде негізгі қағидаттары қолжетімділік пен ортақ жауапкершілік болып табылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің жаңа жүйесі күшке енетіні ырым.
Жарналар сомалары әртүрлі болуы мүмкін, алайда әрбір сақтандырылған азамат өзі мүдделі медициналық көмектің көлемін алады. Сонымен бірге, әрбір адамға, оның сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігі сақталады.
Барлығыңызды Жаңа жылмен құттықтаймыз және жаңа бастамаларға ашық болып, алға еш тапжылмай басуыңызға тілектеспіз!