ҚР ШЕТЕЛДІК АЗАМАТЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Home / ҚР ШЕТЕЛДІК АЗАМАТЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

ҚРҮҚ 320 негізінде ТМД елдерінен келген шетелдіктер медициналық көмек алады

2 бап
🅾️ Жедел және шұғыл медициналық көмек науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауiп төндiретiн кенеттен болған қатты жай-күй мен ауру кезiнде, қайғылы оқиғалар, улану, жарақат алу, босану мен жүктiлiк кезiндегi шұғыл жай-күй кезiнде уақытша келген мемлекет аумағында ұйымдастырушылық-құқықтық түрiне, ведомстволық тиiстiлiгi мен меншiк түрiне қарамастан емдеу алдын алу мекемелерiмен (бұдан әрi – ЕАМ) азаматтарға тоқтаусыз тегiн және толық көлемде көрсетiледi.
‼️ Науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына төнген қауiп жойылып, көлiкпен алып жүру мүмкiн болған сәттен бастап, одан әрi көрсетiлетiн медициналық көмек ақылы негiзде жүзеге асырылады.
✅ Науқасты көлiкпен қауiпсiз алып жүру мүмкiндiгiн медициналық көмек көрсететiн, көлiкпен алып жүру туралы қорытындының дұрыстығы үшiн заңды жауапкершiлiктi мойнына алатын ЕАМ-нiң клиникалық-сараптама комиссиясы анықтайды.

3 бап ❇️Уақытша келген мемлекет аумағында азаматтарға жоспарлы медициналық қызмет көрсету келiсiмдi бағалар немесе қолданылып жүрген прейскуранттар бойынша өзара есеп жүргiзу арқылы ақылы негiзде жүзеге асырылады.
🔰Жоспарлы медициналық көмектiң қандай да бiр түрiн көрсетудiң негiзi – тиiстi медициналық құжаттардың болуы мен жолдаушы елдiң медициналық көмектiң нақты құнын төлейтiндiгi туралы кепiлдi мiндеттемесi.
‼️Көрсетiлген құжаттар болмаған жағдайда жоспарлы медициналық көмек емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала ақы төлегеннен кейiн, әрi қарай ЕАМ мен пациенттiң немесе оның өкiлi болып табылатын заңды (жеке) тұлғаның арасында нақты шығындар бойынша өзара есеп айырысу жүргiзiле отырып көрсетiледi.
✴️ Жекелеген жағдайларда ауыр сырқаттардан зардап шеккендерге жоспарлы консультативтiк және емдеу-диагностикалық медициналық көмек Тараптардың келiсiмi бойынша басқаша жағдайларда да көрсетiлуi мүмкiн.

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P000000320_

 

‼️ Тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің балаларына медициналық көмек көрсетуге қатысты сұрақтардың жиілеуіне байланысты түсіндіреміз

✅ҚР-да тұруға ықтиярхат беру туралы бекітілген Ережеге сәйкес, 20-тармақ 🔽

“20. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олардың азаматтығы елінің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.”✔️ Мемлекеттік қызмет стандартында 16 жасқа толмаған балалар туралы ақпаратты ата-анасынан ЫБШ алуға өтініш берген кезде қосу көзделген

‼️ Егер бала ата-анасы тұруға ықтиярхат алғаннан кейін дүниеге келген болса, көші-қон қызметіне баланы ата-анасының тұруға ықтиярхатына «байланыстыру» туралы өтініш беру қажет.