Бас дәрігердің блогы

Home / Бас дәрігердің блогы

Автобиография

Мен, Гүлжайнат Өстемірқызы Тілеген, 1968 жылғы 22 қаңтарда Шымкент облысы, Шардара қаласында дүниеге келдім. Ұлты-қазақ.

1985 жылы орта мектепті бітірдім. 1991 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтты, “емдеу ісі” факультетін тәмамдадым. 1991-1993 жылдары Алматы Мемлекеттік медициналық институтта «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өттім. Медицина ғылымының кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесіне иемін.
Өзімнің еңбек жолымды А.Н. Сызғанов атынд. Ғылыми хирургия Орталығында анестезиолог- дәрігер мамандығынан бастадым.
2003-2006 жж. С.Д. Асфендияров атынд. ҚазҰМУ-да анестезиология және реаниматология курсымен бірге жалпы хирургия кафедрасында ассистент болыр жұмыс істедім.
2006 жылдың мамырынан тамыз айына дейін – Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі болдым.
2006 жылдың қыркүйегінен 2013 жылға дейін – Алматы онкологиялық орталығында анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі болдым.
2013-2016 жж.- Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының ұйымдастырушылық- экономикалық жұмысы бойынша орынбасары болдым.
2016-2017жж. – №1 Қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің стратегиялық дамыту жөніндегі орынбасары болдым.
2017 жылдың шілдесінен ШЖҚ «№36 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері болып тағайындалдым. 2019 жылдан бері Алматы қ. Наурызбай ауданының МҰ үйлестірушісі болып жұмыс істеймін.
2010 жылы- Алматы қ. ШЖҚ «Қалалық онкологиялық диспансер» МКК құрмет грамотасымен марапатталдым.
2011 жылы – Алматы қаласы бойынша «Үздік дәрігер» атандым.
2011 жылы Алматы қ. Бостандық ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыруда белсенді ат салысқаны үшін, Алматы қалалық онкологиялық орталығының “Қатерлі ісікке қарсымыз барлығымыз” Қоғамдық Қорынан құрмет грамотасына ие болдым.
2014 жылы ҚР ДжӘДМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталдым.
2020 жылы ҚР ДМ  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталдым.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтан Алғыс хатқа ие болдым.
2021 жылы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтингі, “Денсаулық сақтау ісінің мақтанышы 2021” рейтингті бағдарламасынан   “Қабілеттілікке сенімділік” Орденімен марапатталдым.

2021 жылы «Ардагерлер мен мүгедектердің басқа мемлекеттер аумақтарында әскери іс-әрекеттері» ҚБ-дан «Батыр шапағаты» төс белгісімен марапатталдым.
2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым.
Қазақстанда мультимодальды аенстезияны көлемді және ұзағынан өтетін шұғыл араласу кезіндегі заманауи әдістердің бірі ретінде енгізу мақсатында,                    2010 жылы Мәскеу қ., Блохин атынд. РОНЦ-та «Анестезия және қарқынды терапияның заманауи әдістері» циклы бойынша біліктілігімді арттырдым.
2012 жылы Халықаралық туризм желісі бойынша іс-тәжірибемен алмасу бойынша Пуссан қаласында (Кореяда) конференцияға қатыстым.
2013 жылы Германиядағы  Лейпциг қаласында өткен – 35 Конгресс ESPEN халықаралық конгресске қатыстым.
«The EUROPEAN SOCIETY FOR CLINICAI NUTRITION AND METABOLISM» ассоциациясының мүшесі бола отырып, пациенттерді құрсақ қуысына, өңеш және асқазанға ота жүргізгенде шұғыл араласудан кейінгі қалпына келтіру үшін қажетті компоненті ретінде парентералдық қоректендіру жөніндегі халықаралық конгреске қатыстым.
– 2022 жылғы 7-14 мамыр аралығында Париж қ. (Франция) «Денсаулық сақтау менеджменті» бағдары бойынша  “IESA Business school”  базасында біліктілігімді арттырдым.
– 2013 жылғы 31.07.-03.08. аралығында Германия , Лейпциг қ. – 35 Конгресс ESPEN.
– 2014 жылғы 06.09.-09.09. аралығында- Швейцария, Женева қ. – 36 Конгресс ESPEN. (864 ч.) біліктілігімді арттырдым.
– 2014 ж. 16.10. ҚР ДМ ҚДЖМ  «Денсаулық сақтау менеджментін» оқыдым.
– 2015ж. 21.03.-29.03. аралығында Жапония, Токио қ., «Денсаулық сақтау менеджменті»  бағдары бойынша іс-тәжірибемен алмасу. Онкологиядағы ЧЕК-UP бағдарламасын енгізу бойынша оқудан өттім.
– 2016ж. 18.01.-13.02. аралығында ҚазОжРҒЗИ – «Бауырдың, ұйқы безінің, ішектің қатерлі ісігі» циклы бойынша;
– 2018ж. 05.02.-09.02. аралығында – ШЖҚ «Республикалық денсаулық сақтау ісін дамыту орталығы» РММ-да «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Үнемді өндіріс негіздері» циклы бойынша;
– 2019ж. 02.04.- ШЖҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы» РММ-да «Жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикалаудың көкейтесті мәселелері» атты циклы бойынша;
– 2019ж. 29.07.-18.11. аралығында- Қазақ медициналық университетінің «ҚДЖМ» – «Жалпы дәрігерлік тәжірибе (отбасылық медицина)» циклы бойынша;
– 2020 жылы- ҚР ДМ «Республикалық денсаулық сақтау ісін дамыту орталығында» – «НR-менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудағы заманауи технологиялар» циклы бойынша;
– 2020 ж. 18.05.-23.05. аралығында – Қазақ медициналық университетінің «ҚДЖМ» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және жүзеге асыру механизмдері» циклы бойынша;
2020ж. 22.06.-27.06. аралығында- Қазақ медициналық университетінің «ҚДЖМ» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «МӘМС жүйесінде медициналық ұйымдарды басқарудағы заманауи тәсілдеме» циклы бойынша;

2020ж. 26.10.-15.12. аралығында «Алматы Менеджмент Университет» УО -«Денсаулық сақтау ісіне менеджментті енгізу» циклы бойынша біліктілігімді арттырдым.
Қазіргі кезде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№36 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері және Алматы қ. Наурызбай ауданы Медициналық ұйымдарының үйлестірушісі болып қызмет етудемін.

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
 
 
 
Поля, помеченные звёздочкой, обязательны для заполнения.
Ваш адрес e-mail опубликован не будет.
Ваша запись в гостевой книге может быть показана не сразу, а только после предварительной проверки администрацией сайта.
Мы оставляем за собой право редактировать, удалять или не публиковать записи в гостевой книге.
(no entries yet)